

Көктемнің ең әсем, ең нәзік мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде ерекше құттықтау шарасы өтті.
🌸 Мектеп басшылығы мен оқушылар, сондай-ақ «Жұбан Жастары» ұйымының бастамасымен аяулы аналарымыз бен ару ұстаздарымызға арнап жүрекжарды тілектер мен әсем гүлдер тарту етілді.
✨ Әйел-ананың орны – мәңгі биік!
Сол себепті де бұл күн – шынайы бақыт пен ізгі тілекке толы сәттердің мерекесі болды.
💐 Көктемдей көркем, мейірім мен махаббаттың символы болған әйелдер қауымына шексіз алғыс пен құрмет білдіреміз!