Наурызнама: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде 7-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Гүлдәурен Берікқызымен және Гүлзат Серікқанқыздарының ұйымдастыруымен 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай ерекше іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар ұлттық дәстүрлерімізді насихаттап, қазақ халқының мәдениеті мен өнерін паш етті. Айтыс өнері, ән-күй, тұсаукесу дәстүрі және ұлттық тағамдар таныстырылып, көрерменнің көңілінен шықты.

Бұл күн Наурыз мерекесінің мән-маңызын тереңірек түсінуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған маңызды қадам болды.