
Үштік одақ — ұстаз, оқушы, ата-ана: Шаңырақ күні мерекесі
Наурызнама онкүндігі аясында 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Күнсұлу Батырбайқызы мен Әлия Ержанқызының ұйымдастыруымен өткен “Шаңырақ күні” мерекелік іс-шарасы сәтті өтті!
Бұл күн үштік одақ — ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы берік байланыстың, бірліктің үлгісін көрсетті. Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары дәріптеліп, бірлік пен ынтымақтастықтың маңызы ерекше атап өтілді.