Ұлттық спорт күні

20 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында «Ұлттық спорт күні» жоғары деңгейде аталып өтті!
Бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары А. Жанпейісова, А. Рысқұлова, Т. Дінжанова, Ж. Нүділдаеваның ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шарада ұлттық ойындар мен спорт түрлері кеңінен таныстырылды.

Іс-шараның мақсаты — оқушылар бойында ұлттық рух пен патриотизм қалыптастыру. Сол мақсатта түрлі қызықты ойындар өткізілді.

Бұл шараға Кәркен Ахметов атындағы мектеп-интернат-колледжінің оқушылары арнайы келіп, ұлттық ойындарға белсене қатысты.

Іс-шара оқушыларды тек ұлттық спортпен таныстырып қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға да зор ықпал етті.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлері арқылы өскелең ұрпақ ата-бабаларымыздың мұрасын тереңірек түсініп, оны болашақта қадірлеуге үйренді.

Осылайша, өткен мен қазіргі ұрпақ арасында байланыс орнап, мәдени құндылықтарды сақтау жолында маңызды қадам жасалды.