“Бірге кітап оқы” челленджі

4 “Ә” сынып оқушылары “Бірге кітап оқы” челленджін жалғастыруда

4 “Ә” сынып оқушылары сынып жетекшісі Жакишева Г. А. жетекшілігімен “Бірге кітап оқы” челленджін белсенді түрде жалғастыруда. Бұл бастама оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосуда.

Челлендж барысында балалар түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды оқып, өз әсерлерімен бөліседі, сыныптастары арасында пікірталас ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралар тек оқу дағдысын ғана емес, сонымен қатар ойлау, сөйлеу және талдау қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді.

Ата-аналар да бұл бастаманы қолдап, балаларымен бірге кітап оқуға уақыт бөліп, отбасы ішінде де оқу мәдениетін нығайтуда. Бұл – ұрпақ тәрбиесіне, рухани дамуына бағытталған маңызы зор қадам.