Ұлттық домбыра күні

А.Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты ұжымы баршаңызды ұлттық рухтың айнасы — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтайды!

Домбыра — халқымыздың ғасырлар бойғы жаны мен жүрегінің үні, тарих пен тағдырдың шежіресі. Қос ішектен төгілген әр әуен елдің рухын асқақтатып, ұлттық болмысымызды айшықтайды.

Біздің мектебіміз де осынау қастерлі аспаптың қадірін арттырып, қазақтың дәстүрлі өнерін ұрпақ санасына сіңіруге сүбелі үлес қосып келеді. Жыл сайын мектебімізден түлеген жүздеген дарынды домбырашылар туған елінің мәдениетіне, өнеріне адал қызмет етіп, мерейін үстем етіп жүр.

Қасиетті домбыраның үні ешқашан сөнбесін, шанағынан күмбірлеген күйі — әр қазақтың жүрегінен орын алсын!

Домбыра күмбірі барда, ұлттың рухы биік!

Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен,

А.Жұбанов атындағы РҚМММИ ұжымы