Бүгін мектебімізде 2025-2026 жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау салтанаты өтті.
Бұл мерейлі сәтке 1-сыныптың балғын бүлдіршіндері мен 12-сыныптың арман биігіне ұмтылған түлектері қатысты.
1-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен танысып, жаңа оқу сапарына жол ашты.
Ал 12-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау – жауапкершілікке толы соңғы оқу жылының бастауы болды.
Білім күні – үміт пен арманға жетелейтін игі қадамның бастауы.
Жаңа оқу жылында ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, шәкірттерімізге білім биігін бағындырар сәттілік пен жеңіс тілейміз!
АлғашқыҚоңырау #БілімКүні #МектебімМейірімМекені #ЖаңаОқуЖылы



