Жалпы ата-аналар жиналысы

2025 жылдың 12 қыркүйек күні мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, тәрбиешілер және Алмалы ауданының кәмелет жасқа толмаған балалардың учаскелік инспекторы, полиция капитаны Үтебаева Мадина Жұмакожаевна қатысты.

Күн тәртібінде:
🔹 Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланып, ата-аналарға маңызды ақпарат берілді.
🔹 Мектеп психологы М. Аксакалова баланың психологиялық дамуындағы ата-ананың рөліне арналған тренинг өткізді.
🔹 Әр түрлі мәселелер қарастырылып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Бұл жиын ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталды.