Қазақстан халқының тілдер күніне арналған мерекелік шара

Тілдер мерекесі – жас ұрпаққа тек тілге құрмет емес, тарихқа тағзым, дәстүрге адалдық, ең бастысы – ынтымақ пен сыйластықты бойына сіңіретін тағылымды күн.

Мектебімізде өткен тағылымды шараға 5-9 сынып оқушылары ерекше ықыласпен атсалысты. Олар түрлі ұлттың тағамын, ұлттық киімін, салт-дәстүрін сахналады. Әрбір көрініс – Отанымыздың бай мәдени қазынасын паш етіп, бірлігіміздің беріктігін айқындай түсті.

Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы оқушылардың тапқырлығына, дайындығына, шығармашылық ізденісіне зор ризашылық білдіріп, болашаққа сеніммен қарады.

Ұлт пен ұрпақтың арасын жалғайтын алтын көпір – тіл. Ал сол көпірді қадірлей білген ұрпақтың болашағы баянды, бірлігі бекем болмақ.