Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған онкүндіктің ашылу салтанаты

Бүгін мектебімізде ұлы тұлға, дана ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Тіл – рухани жаңғырудың өзегі» атты онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін жүрекпен оқып, әсем әндерін орындап, ұлы ақынның мәңгілік мұрасына тағзым етті. Бұл кеш жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырды.

Салтанатты шараны өткізуге қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері – Жырғаланова Нұрия Қожақызы, Умиркулова Гүлжан Рахымбекқызы, Салимова Күнсұлу Батырбаевна зор үлес қосты. Ұстаздар өздерінің шығармашылық ізденістері мен еңбектерінің арқасында жас ұрпаққа тағылымды әрі мазмұнды әдеби кеш сыйлады.