Виолончель үні – шабыт пен өнер кеші

Бүгін мектебімізде Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық байқауға дайындық аясында виолончель музыкасына арналған концерт өтті.

Бұл кеш жас орындаушылардың сахна мәдениетін, шығармашылық шеберлігін шыңдауға бағытталған тың дайындық кезеңі болды.

Кеш барысында классикалық музыканың сырлы әлемі ашылып, И. Гайдн, Ф. Мендельсон, Д. Поппер, Е. Брусиловский және П. Чайковский сынды ұлы композиторлардың шығармалары орындалды.

Концертте 7 сынып оқушысы Құсым Айша,
8 сынып оқушысы Құдайберген Азамат,
11 сынып оқушылары
Аленова Аружан,
Қалқаманқызы Жанерке өнер көрсетті.

Ұстаздары:
— Эмреева А.Е., Гильманова А.М.

Концертмейстерлері:
— Кульшарипов А.М., Островерхов В.Ф.

Алдағы байқауда шәкірттерімізге сәттілік пен шабыт тілейміз.