Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жаңғырту мақсатында, мектеп президентін сайлау өтті! 🗳️
12-сынып оқушылары — Алдияр Жұмағазиев пен Нұрали Саят президенттікке үміткер болды.
Сайлау барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, мектепті дамытуға арналған идеяларымен бөлісті. 💬
Үміткерлер өз жоспарларын таныстырып, мектеп өміріне серпін беретін бастамаларын ұсынды.
Достық пен сыйластық рухында Нұрали Саят өз дауысын Алдиярға беріп,
нәтижесінде мектебіміздің жаңа президенті — Алдияр Жұмағазиев атанды! 👏
Алдияр барлық оқушыларды мектеп өміріне белсене араласып, өз идеялары мен ұсыныстарын ашық айтуға шақырды. Алдиярға сәттілік тілейміз!









