Концертке ұстаз Гильманова Айымжан Мұратқызының шәкірттері — Азамат Құдайберген (8-сынып) және Аружан Аленова (11-сынып) қатысты.
Айымжан Гильманова — А. Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының виолончель сыныбының тәжірибелі педагогы, өнер саласында бірқатар жобаларды жүзеге асырып жүрген кәсіби маман. 2004 жылы Ахмет Жұбановтың туған өлкесі – Ақтөбе облысында алғаш болып виолончель сыныбын ашқан. Ұстаздың шәкірттері бүгінде республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанып жүр.
Бағдарламада Ж.-Л. Дюпор, К. Күмісбеков, Л. Боккерини, И. С. Бах, Й. Гайдн және Д. Поппердің шығармалары орындалды.
Концертмейстер — Владислав Островерхов.