23 қазан күні, сағат 17:00Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында Т.Абдрашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен мектебіміздің оқушылары өнер көрсетеді.Дирижер — Қуаныш Исмаилов.

Бағдарламада С.Рахманинов, П.Чайковский, Д.Шостакович, Э.Лало, А.Хачатурян сияқты әлемдік композиторлардың шығармалары орындалады.

Классикалық өнердің сұлулығын сезініп, шабытқа толы кештің куәсі болуға шақырамыз.

📍 Мекенжай: Төле би көшесі, 21