25 Қазан — Республика күніне арналған концерт

Бүгін мектебімізде Республика күніне орай мерекелік концерт өтті!
Оқушылар мен ұстаздар бұл күнге ерекше дайындалып, өз өнерлерін паш етті.
Әндер шырқалып, би биленіп, жылы лебізді тілектер айтылды.

Бұл мереке — елімізге деген сүйіспеншілікті, бірлікті және тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын ерекше күн.

Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!