🎹 Арнайы фортепиано бөлімі концерті 🎶

28 қазан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының
Ғ.Жұбанова атындағы Камералық залында арнайы фортепиано бөлімі оқушыларының концерті өтті.

Кеш барысында жас пианистер өздерінің орындаушылық шеберлігін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Кеште өнер көрсеткендер:
🎵 Жилибай Бахыт (5-сынып), ұстазы – Ақбарова Жания Төлеутаевна
🎵 Сұлтанбай Ерасыл (5-сынып), ұстазы – Жақеева Гүлнара Сәпиоллаевна
🎵 Иса Аяла (5-сынып), ұстазы – Бейсембаева Гаухар Серікқызы
🎵 Пайзуллаева Зилала (5-сынып), ұстазы – Ақбарова Жания Төлеутаевна
🎵 Орымбасар Жания (6-сынып), ұстазы – Көкыбасова Шынар Идрисовна
🎵 Нұрсұлтан Інкәр (7-сынып), ұстазы – Жақеева Гүлнара Сәпиоллаевна
🎵 Ердоcұлы Бекасыл (7-сынып), ұстазы – Ниязбаева Аяна Мұхамедқызы
🎵 Бекешева Алтынай (10-сынып), ұстазы – Исенова Айгерім Тасмұханқызы

Жас пианистердің нәзік те әсерлі әуендері көрермен жүрегіне жол тапты.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа шабыт тілейміз! 🌟