Мектебіміздің ұстаздары Ғазиза Ғабдрахимовамен бірге «Заман ART» бағдарламасына қатысып, «Өнердегі педагогика» тақырыбында ой бөлісті

Бағдарлама барысында өнер мен педагогиканың өзара байланысы, шығармашылықтағы ұстаздық тәжірибе және білім берудің жаңа бағыттары талқыланды.

Педагогика ғылымдарының магистрі, “Хорды дирижерлеу” бөлімінің меңгерушісі Адилова Айнұр,
Мәдениет саласының үздігі, “Ішекті аспаптар” бөлімінің оқытушысы Эмреева Ақмарал,
Мәдениет саласының үздігі, «Халық аспаптар» бөлімінің оқытушысы Нарымбетов Ғалымжан бағдарлама барысында өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы, Халықаралық конкурстардың лауреаты Тарлабек Насыр өнер көрсетті.