Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ«Адамның иммундық тапшылық вирусы және оның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Семинар барысында жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, жыныстық жетілу кезеңіндегі тазалық пен қауіпсіздік, ЖИТС вирусының алдын алу жолдары түсіндірілді.

Маман дәрігерлер мен психологтар темекі, алкоголь, есірткі сияқты зиянды заттардың ағзаға зиянды әсері және репродуктивті денсаулықтың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Семинарды:
– Интернат меңгерушісі Бекимова Д.Т.
– Дәрігер Тулепбергенова Г.Б.
– Медбике Саурыкова Ш.Б. ұйымдастыруымен,

– ЖИТС орталығының эпидемиологы Дербисаилева А.Е.
– №3 қалалық емхананың СӨС дәрігері Құндық С.Т.
– Психолог Шарипова Ә.Т.
– СӨС м/б Аубакирова С.Х.
өткізді.

Шараның басты мақсаты — оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, зиянды әдеттерден сақтану және дұрыс, нақты ақпарат ұсыну.