Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім — Бауыржан Момышұлы!

Бүгін 8-сынып оқушыларымен Кеңес Одағының Батыры жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай арналған ашық тәрбие сағаты өтті.

Сабақты Раймқұлова Жанат Қашқымбайқызы өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар батырдың өмірбаяны, жауынгерлік ерлігі және кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы туралы тың ақпарат алды.

Сабақ мақсаты:▪️ Аңыз батырдың өр мінезін, патриоттық болмысын таныту▪️ Қанатты сөздері мен тарихи естеліктері арқылы өнегелі өмірін үлгі ету▪️ Оқушылар бойында Отанға деген сүйіспеншілік, намыс пен рух қалыптастыру

Оқушылар Б.Момышұлының балалық шағынан бастап, майдандағы ерлігі, шығармашылығы мен қалдырған әдеби мұрасы жайлы кеңінен танысты.Батыр туралы өлеңдер оқылып, бейнежазбалар көрсетілді.Қанатты сөздер мен тарихи деректер арқылы тұлғаның елге сіңірген еңбегі ашылып көрсетілді.