Бүгін мектебімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ағылшын тілі онкүндігі өз мәресіне жетті.
Онкүндік барысында ағылшын тілі пәні мұғалімдері әртүрлі форматта сабақтар өткізді. Сонымен қатар әдістемелік күнде жаңашыл идеялар мен тиімді тәсілдер ұсынылып, білім беру үдерісін жетілдіру жолдары талқыланды.
Жабылу рәсімінде Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы жарияланып, мектеп директоры Айгерім Берікқызы белсенді, дарынды оқушыларға дипломдар табыстады.
Онкүндікті ағылшын тілі мұғалімдері Раимова Гаухар Жанибековна, Куташова Құндыз Кеңесбекқызы, Мухсимова Дина Сихимбаевна, Шералиева Азиза Жолдасқызы ұйымдастырды.
Марапаттау кезінде мектебіміздің оқушылары Абайдың “Айттым сәлем, Қаламқас” шығармасын шебер және мәнерлі түрде орындады. Шығарманы орындауда оқушыларға жетекшілік еткен, виолончель сыныбының ұстазы Эмреева Ақмарал Ерулановнаға алғысымызды білдіреміз.
Осы онкүндік арқылы оқушылар өз таланты мен білімдерін көр