II Халықаралық фортепиано музыкасы фестивалі «Kazakh Piano Fest – 2025» аясында

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Гүлжан Еркінқызы Өзенбаеваның фортепиано орындаушылығына арналған шеберлік сабағы өтті. Сабақ барысында қатысушылар фразировка, стильдік нақтылық, дамыған дыбыс мәдениеті және музыкалық мәтінді көркем ашу жөнінде құнды кәсіби бағыт-бағдар алды.
Педагогтың әрбір қадамына нық бағыт беретін дәл әрі терең ескертулері жас пианистердің шығармашылық ойлауын кеңейтіп, жаңа орындаушылық мүмкіндіктерге жол ашты.