Жеңімпаздарымыз елге оралды! 🎉🇰🇿

Франция, Монтаржи қаласында өткен CMA Trophée Mondial халықаралық чемпионатында 5 номинация бойынша жүлделі орын
орын алған төрт оқушымыз бүгін Қазақстанға аман-есен оралды. Бұл байқауға 6–10 елден қатысушылар жиналды, ал сол мемлекеттердің арасынан біздің оқушылар жүлделі орындарға ие болды!

Еуропаны бағындырып келген оқушыларымызды мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар салтанатты түрде күтіп алды!

🥇 Тұрақбай Думан — 5 «А» сыныбы• I орын
🥇 Далабек Әбілмансұр — 9 «Ә» сыныбы• Классика стилі — I орын• Варьете стилі — I орын

🥉 Батырхан Бексұлтан — 5 «Ә» сыныбы• III орын
🥉 Насыр Тарлабек — 6 «А» сыныбы• Классика стилі — III орын

Ұстазы: Нарымбетов Ғалымжан

Оқушыларымыздың бұл жетістігі — табанды еңбектің, жауапкершіліктің және өнерге деген үлкен сүйіспеншіліктің нәтижесі.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Шығармашылық жолдарыңыз әрдайым жаңа белестерге толы болсын!