Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның ортақ мәселесі

А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ Халықаралық «16 күн зорлық-зомбылықсыз»акциясы аясында 8 «А» сыныбымен ақпараттық кездесу өтті.

Мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылық түрлері, әсіресе цифрлық зорлық, одан қорғану жолдары және қолжетімді көмек көздері туралы түсінік беру, қоғамда төзбеушілік қалыптастыру.
Іс-шара барысында:— Тақырыптық әңгімелер мен пікірталастар ұйымдастырылды;— Цифрлық зорлық-зомбылықтың белгілері мен қауіпсіздік жолдары түсіндірілді;— Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты.
Нәтижесінде:Оқушылар ақпараттың пайдалы әрі өзекті екенін атап өтті. Қауіпсіз өмір салтын ұстануға деген жауапкершілік күшейді.
Акция жоғары деңгейде өтіп, мақсаттар толық орындалды. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұру – әрқайсымыздың міндетіміз.

Мектеп психологы: М.С Аксакалова