Кеше мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
ашық тәрбие сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, оның тарихымыздағы маңызын терең түсініп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.
Іс-шарада:
✨ Көк байрақ, Елтаңба және тарихи тұлғалар туралы мәліметтер берілді;
✨ Оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар орындалды;
✨ Тәуелсіздік тақырыбындағы бейнероликтер көрсетіліп, білімдері толықтырылды.
4 «Ә» сыныбы.
Сынып жетекшісі: Нурдилдаева Жұлдыз Мұхановна.
Бұл тәрбие сағатына оқушылардың ата-аналары да белсенді түрде қатысып, балалармен бірге Тәуелсіздік құндылықтары жөнінде ой бөлісті.
Еліміздің еркіндігі – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ұрпаққа қалдырған ең қымбат мұрасы. Осындай маңызы жоғары сабақтар оқушылардың бойында елжандылық сезімін қалыптастырады.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын!





