Баспасөз хатшысы білуге міндетті: қоғаммен байланысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, өзге де басқарушы және нормативтік құжаттар, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнама негіздері, қоғаммен байланыс саласындағы кәсіптік және этикалық принциптердің халықаралық және ұлттық кодекстері, ұйымның мамандануы, қызметінің ерекшеліктері және даму перспективалары, политология, социология, психология негіздері, сапалық және сандық социологиялық зерттеулерді жүргізудің негізгі әдістері, бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу әдістемесі, композиция және жарнамалық хаттар, мақалалар, өтініштер, жұрт алдында сөз сөйлеу стилінің заңдары, статистикалық ақпаратты талдау әдістері, іс жүргізу негіздері, ұйымның өз дерекқорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдары, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері, экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның саясатын және оның жекелеген кезеңдерін іске асыру бойынша жұмыстарды орындайды;
2.2. Қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның сыртқы және ішкі саясатының нақты жоспарларын әзірлеуге қатысады;
2.3. Бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам өкілдерімен үнемі өзара іс-қимылды жүзеге асырады және олармен байланысты ұстап тұрады, оларды ұйым басшыларының ресми шешімдерімен және бұйрықтарымен таныстырады, ресми сұрауларға жауап дайындайды, ұйым қызметі туралы ақпараттық материалдардың уақтылы таралуын бақылайды;
2.4. Брифинг, баспасөз конференцияларын, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам өкілдерінің қатысуымен өткізілетін ақпараттық-жарнамалық сипаттағы өзге де іс-шаралар мен акцияларды дайындауға және өткізуге қатысады, оларды кешенді және ұйымдастырушылық сүемелдеуді қамтамасыз етеді;
2.5. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз релиздерін және өзге де ақпараттық материалдарды дайындайды, электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізеді, ішкі пайдалануға арналған ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға қатысады;
2.6. Ақпараттық-жарнамалық материалдарды әзірлейді, корпоративтік басылым, ұйымның ресми “WEB”ресурсы үшін мәтіндер дайындайды;
2.7. Социологиялық зерттеулер үшін тапсырмалар дайындауға және ақпараттық-жарнамалық сипаттағы іс-шараларды өткізу нәтижелері бойынша қорытынды есептер жасауға қатысады;
2.8. Ақпараттық материалдарды жинау, сақтау, пайдалану және тарату, архивке тапсыру үшін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды орындайды;
2.9. Басшылықтың шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді, оны ағымдағы жұмыс барысы және нәтижелері туралы уақтылы ақпараттандырады;
2.10. Мектеп-интернаттың қоғамдық жұмыстарына қатысу;
2.11. Мектеп аумағын тазалау кезіндегі сенбіліктерге қатысу;
2.12. Жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау жұмыстарын жүзеге асырады.
ҚЫЗМЕТТІК БӨЛМЕЛЕРДІ ЖИЫСТЫРУШЫСЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМЫ
Қызметтік бөлмелерді жиыстырушысы гигиена және санитария негіздерін, бөлме тазалауға қажетті жабдықтарды пайдалану ерекшеліктерін, санитарлық құралдармен жұмыс істеу ережелерін, мектеп жоспарын, еңбекті қорғау ережелерін, кейбір дезинфекциялық құралдарды қолдану тәсілі мен мақсатын, өрт қауіпсіздігі ережелерін, қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдайлар кезіндегі қажетті әрекеттердң білуге тиіс.
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Мектеп-интернаттағы сыныптарды, дәліздерді, дәретханаларды, баспалдақтарды жинау;
2.2. Жиһаздың, қабырғалардың, терезе төсеніштерінің, терезе жақтауларының шаңын сүрту;
2.3. Қоқыс жәшіктерін тазарту, қоқыстарды белгіленген орындарға апару;
2.4. Дәретханалар мен раковиналарды тазарту, содан кейін оларды дезинфекциялау;
2.5. Барлық қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, жуу құралдарын тазалауға дайындау;
2.6. Сабақ біткеннен кейін сыныптарды жинау;
2.7. Жазда мектеп алаңын тазалау;
2.8. Мектеп-интернаттың қоғамдық жұмыстарына қатысу;
2.9. Мектеп аумағын тазалау кезіндегі сенбіліктерге қатысу;
2.10. Жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстау жұмыстарын жүзеге асырады.
Анықтама телефоны: +7 727 375-55-42