Нью-Йоркта Арнайы сыйлыққа ие болған пианист

АҚШ-тың ең үлкен, әлемге әйгілі қаласы Нью-Йоркта мектебіміздің оқушысы БЕКЗАТ РАҚЫМОВ пианистер байқауының финалисті атанып, Арнайы сыйлыққа ие болды.

“Маған жазда электрондық почтама байқаудың ережелері келді. Олар әлеуметтік желіден менің парақшамды көріп, сол бойынша жіберіпті. Ережесімен танысып қатысып көруге бел будым. Іріктеу видео жазба бойынша болғандықтан бағымды сынамақ болдым. Тамыз айында өтініш беріп, видеомды жібердім. Содан нәтижесі қазан айында белгілі болды. Менің өткендігім туралы хабар жіберді. Финалға 10 ғана пианист қабылданғанын айтты. Қазақстаннан мен ғана қатыстым. Қалған қатысушылар Канада, АҚШ штаттарынан болды. Мен үшін бұл байқаудың орны ерекше болды. Себебі классикаға аса мән беретін осындай мемлекетте Қазақстандай мемлекетіміздің атын паш ету үлкен бақыт деп санаймын. Солардың деңгейінде өнерімді көрсетіп еліме абыроймен оралғаныма қуаныштымын.
Мені қолдаған ата-анама, ұстазым Казыбекова Гульжан Кайпбековнаға және мектебіме алғысым шексіз,”-деп мұхит асып, АҚШ елінен үлкен жеңіс пен тәжірибе жинап келген Бекзат әсерімен бөлісті. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған