Мелькова Галина Алексеевна «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды

Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы күнге айналған, Тәуелсіздік күні қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мәдениет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Мектебіміздің арнайы фортепиано бөлімінің аяулы ұстазы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері Мелькова Галина Алексеевна «ҚҰРМЕТ» орденімен марапатталды.
Мектебімізде қырық жылдан астам қызмет етіп, қара шаңырағымыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Галина Алексеевнаны шын жүректен құтыйтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған