Ішекті аспаптар бөлімінің концерті

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-дың ішекті аспаптар бөлімінің ұстаздары “Жастар жылын” қорытындылау мақсатында және Жаңа жыл мейрамына орай мектебімізде концерт өткізді.


Өнерпаздар сахнада әлем классиктері мен композиторларының музыкалық шығармаларын шебер орындады.


Мектебіміздің ішекті аспаптар бөлімі көптеген беделді байқауларда Қазақстан лауреаттарының қатарын толықтырып, көптеген кәсіби музыканттарды тәрбиелеп келеді. Бөлім ұстаздары 55 жыл бойы жан-жақтағы әріптестерімен әдіс-тәсіл алмасып, танымал өнер шеберлерімен бірігіп концерт өткізіп, мәдениет және білім кеңістігін кеңейтіп, аспаптық орындаушыларды зерделеп, кәсіби мамандарды тәрбиелеуде жинақтаған тәжірибесі мол. Бұл концерт соның дәлелінің бір көрінісі. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған