II тоқсан қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті

9 қаңтар күні мектепте 2019-2020 оқу жылының II тоқсан қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті.
Оқушылардың білім көрсеткіштері туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Қ. Жырғаланованың есебі, бөлім меңгерушілерінің есебі оқылып, педагог мәртебесі туралы заңның жобасы баяндалып, мектептепке кіру режимі және «Адалдық алаңы» жобасының аясы туралы мәліметтер баяндалды.

Педагогикалық кеңестің шешімі:
1) ІІ тоқсан бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу әр пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне жүктелсін.
2) Жұмыстың жүргізілу барысын қадағалау ДОІЖО Н.Қ. Жырғаланова мен ОМІЖО С.А. Оспанкуловаға жүктелсін.
3) Оқушылардың тәртібі мен сабаққа келуін қадағалау ДТІЖО
С.М. Батырбековаға жүктелсін.