22 ақпан күні мектебіміздің 9,10,11- сыныптың интернат оқушылары “Волонтер жылы” аясында Алматы қаласының №1 балалар үйінде концерт қойып қайтты.
⠀
Ән мен күйден өрілген концерттік бағдарлама тыңдарман көңілін көтерді.Концерт соңында оқушылар кішігірім болса да, шын жүректен балаларға өз сый-сыяпаттарын табыстады.
⠀
Волонтерлік жұмыс – бұл жастарды жауапкершілікке, патриотизмге тәрбиелейтін пайдалы да сауапты іс. Оқушылар өздерін жеке тұлға ретінде көрсете біліп, қоғамға өз пайдаларын келтіре алатын саналы ұрпақ болып өсіп келе жатқандары бізді сөзсіз қуантады.
![](https://jubanov.kz/wp-content/uploads/2020/02/7fccd2d5-f0c4-44a1-bdbf-8322a7e8ff6e-1.jpg)