6 – сынып оқушысы Ержеңіс Жұлдыз “Щелкунчик” байқауында

Мәскеу қаласында жас музыканттардың “Щелкунчик” атты халықаралық телевизиялық байқауына мектебіміздің 6 – сынып оқушысы Ержеңіс Жұлдыз ұстазы Жакеева Гульнара Сапиоллаевнамен барып қайтқан болатын.

“Щелкунчик” байқауы жас музыканттардың кәсіби мансабының келешегін ашады. Танымал ресейлік және шетелдік музыканттардың қолдауымен ең беделді музыкалық форумдар мен фестивальдарға қатысады.
Жылдан-жылға “Щелкунчик” байқауы жас орындаушыларға өз шеберлігін көрсетіп қана қоймай, кәсіби тәжірибе алмасуға және музыка шеберлерінің кеңестерін тыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балаларға үлкен теледидар аудиториясының алдында өнер көрсетуге мүмкіндік береді және финалда қатысушылар Мәскеудің ең үздік концерттік алаңдарының бірінде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ойнайды.