Нұрәлі Бейсеқожаның «Қандай ғажап Әлем» атты алғашқы шығармашылық жинағы жарыққа шықты

Мектебіміздің 9 — сынып оқушысы, Қазақстандағы ең жас композитор Нұрәлі Бейсеқожаның «Қандай ғажап Әлем» атты алғашқы шығармашылық жинағы жарыққа шықты. Жинақ Apple Music, iTunes store, Spotify, Shazam онлайн музыкалық платформаларына шықты. Тыңдау үшін және жүктеп алу үшін жоғарыдағы платформаларға тіркелу қажет.

Нұрәлі алдағы уақытта да жаңа альбом шығаруға дайындық үстінде. Талантты композиторды қолдайық!