29-31 наурыз аралығында Уфада оркестрлер мен халық аспаптар ансамблдерінің “Зов Урала” атты IV халықаралық конкурс-фестивалі өтті. Коронавирустық инфекцияға және қазіргі шектеулерге байланысты музыкалық жарыс онлайн форматта өтті.
Музыкалық мерекеге Қазақстаннан, Ресейден, Өзбекстан мен Түркиядан 80-нен астам кәсіби өнерпаздар, сондай-ақ студенттер және балалар ансамблдері мен оркестрлері қатысты.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында оркестрлік және ансамблдік өнердің көрнекті қайраткерлері болды, олардың ішінде:
Ресей Федерациясының халық артисі, В.В. Андреев атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық орыс оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Дмитрий Хохлов (Төраға),
РФ еңбек сіңірген әртісі, БР халық артисі – Рамил Гайзуллин (жоба авторы және фестивалдің көркемдік жетекшісі)
Өзбекстан Республикасының халық артисі, профессор – Фарук Садықов (Өзбекстан)
Қазақстан Республикасының халық артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Айгүл Үлкенбаева
Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері – Владимир Лавришин (Челябинск).
Бас жүлдені екі ұжым – Л. Беззубов атындағы Тюмень орыс халық аспаптар оркестрі және Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының халық аспаптар оркестрі иеленді.
“Зов Урала” – бұл ресейлік байқау-фестиваль. Конкурсқа қатысқан әрбір қатысушылардың шеберлігі қосылып, керемет конкурс болғанын қазылар алқасы атап өтті. Пандемия шығармашылық процеске кедергі келтірмеді.
Фестивалді ұйымдастырған – Башқұртстан Республикасының Мәдениет министрлігі және Хусаин Ахметов атындағы Башқұрт мемлекеттік филармониясы.