Мектебіміздің халық аспаптар оркестрі Башқортостан Республикасы мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Халық аспаптар оркестрлері және ансамблдері» халықаралық онлайн конкурс-фестивалінде Гран-при иегері атанды

29-31 наурыз аралығында Уфада оркестрлер мен халық аспаптар ансамблдерінің “Зов Урала” атты  IV халықаралық  конкурс-фестивалі өтті.  Коронавирустық инфекцияға және қазіргі шектеулерге байланысты музыкалық жарыс онлайн форматта өтті.

Музыкалық мерекеге Қазақстаннан,  Ресейден, Өзбекстан мен  Түркиядан  80-нен астам кәсіби өнерпаздар, сондай-ақ студенттер  және балалар ансамблдері мен оркестрлері қатысты.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында оркестрлік және ансамблдік өнердің көрнекті қайраткерлері болды, олардың ішінде:

Ресей Федерациясының халық артисі, В.В. Андреев атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық орыс оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Дмитрий Хохлов (Төраға),

РФ еңбек сіңірген әртісі, БР халық артисі – Рамил Гайзуллин (жоба авторы және фестивалдің көркемдік жетекшісі)

Өзбекстан Республикасының халық артисі, профессор – Фарук Садықов (Өзбекстан)

Қазақстан Республикасының халық артисі, Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық  консерваториясының профессоры  Айгүл Үлкенбаева

Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері – Владимир Лавришин (Челябинск).

Бас жүлдені екі ұжым –  Л. Беззубов атындағы Тюмень орыс халық аспаптар оркестрі және Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының халық аспаптар оркестрі иеленді.

“Зов Урала” – бұл ресейлік байқау-фестиваль. Конкурсқа қатысқан әрбір қатысушылардың шеберлігі қосылып, керемет конкурс болғанын қазылар алқасы атап өтті. Пандемия шығармашылық процеске кедергі келтірмеді.

Фестивалді ұйымдастырған – Башқұртстан Республикасының Мәдениет министрлігі және Хусаин Ахметов атындағы Башқұрт мемлекеттік филармониясы.