Дарынды балаларға арналған мектепте онлайн жүйесінде сабақ беру қалай жүргізілуде, шалғайдағы ауыл балалары музыкалық сабақтарды қалай оқуда, педагогтардың аттестациясы қалай өтіп жатыр, қандай қиындықтарға тап болып жатқанын мектеп әкімшілігімен ақылдасып, ұсыныстарын тыңдады.
Сонымен қатар, бүгінгі заманның талабына сай тек музыка емес, компьютерді де меңгеретін, жан-жақты білім алатын жағдайды, сұраныс пен еңбек нарығының талабын, 12 жыл бойы музыкалық мектепте білім алған музыкант түлектердің барлығы да оқуларын жалғастырып, музыка саласын таңдап жатыр ма? Жылына қанша музыкант бітіреді, еңбек нарығына зерттеу жүргізіле ма? Осы жағынан оқу орындарымен мектептің байланыстарын сұрады.
Мектеп директоры Нұркен Нұрғалиұлы түйіткілді мәселелердің барлығын жан-жақты талқылап, мектептің ахуалын айтып, оқу жүйесін талқылады.
Әңгіме барысында жас ұрпақ әлемнің жаңалықтарын жақсы білуі мүмкін, бірақ ұлттық құндылықтарымыз бен сал-дәстүрімізді, ертегілер мен тарихымызды да ұмытып, керексіз санайтындары, осы мәселеде ұстаздың атқарар жүгі, әрбір оқушыны ертең осы мемлекетке еңбек сіңіретін азамат етіп тәрбиелеу, дүниетанымдарын кеңейту ұлтжанды балаларды тәрбиелеу туралы біраз мәселелер көтеріліп, бұл жолда тәлім-тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру жолдары мен бағыттары да талқыланды. Оқушылар ұлттық негізден ажырап қалып, рухани құндылықтардан алыстамай, көрінген дүниеге еліктеп, ауытқып кетпеудің жолдары көтерілді.
Мектеп директоры Нұркен Нұрғалиұлы Әшіров кездесу қорытындысында Дана Нұржігітке мектебіміздің қазіргі жағдайымен танысуға арнайы келіп, барлығын көзбен көріп, ұсыныстарымызды ескеріп, ақыл-кеңестерімен бөліскені үшін алғысын білдірді және өзінің «Желдірме» атты кітабын сыйға тартты.