Алматы облысының әкімдігі Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 11 маусым күні І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық “Жас шеберлер” атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы аспапта шебер ойнау байқауы өтті.
Байқауда жеңіске жеткен мектебіміздің оқушылары:
Жанат Әліби (I орын) домбыра
Оразбай Мадина (I орын) қыл қобыз
Қонысбаева Ақерке (II орын) прима қобыз
Талғатұлы Саят (II орын) домра-прима
Оспанов Айдын (II орын) виолончель
Таубалды Бекзат (II орын) ұрмалы аспаптар
Пазылбеков Өтесін (үміт сыйлығы) домбыра