12 – сынып бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат және музыкалық білімі туралы куәлік берілді.

14 маусым күні 2020-2021 оқу жылының 12 – сынып бітіруші түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат және музыкалық білімі туралы куәлік берілді.

Биылғы жылды 30 түлек аяқтады. Олар 12 жыл бойы мектебімізде білім мен тәрбиені бойларына сіңірді, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, білім көкжиегін бойына дарытты, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Біз әр сәт, олардың жеткен жетістіктеріне қуанып, білімдерінің тереңдегенін байқап, бірге қуандық, бірге мақтандық.

Құрметті түлектер, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңізге тілектеспіз! Ақ жол!