Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен сахнасында JUBAND тобы концерт өткізді

28 маусым күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен сахнасында мектебіміздің оқушыларынан құрылған JUBAND тобы және джаз өнерінің шебер орындаушылары өнер көрсетті. «Дети и Мастера» деген атаумен өткен бұл концерттің залы көрерменге лық толы болды.

Концерттің басты мақсаты: аға буынның жастар шығармашылығына қамқорлық жасап музыкалық дәстүрлердің сабақтастығын жалғастыру, ал жастардың өз кезегінде Қазақстандағы кез-келген бағыттағы кәсіби музыканың болашағына жауапкершілікте екенін сезіну және сахна саңлақтарымен бір сахнада өздерінің орындаушылық шеберліктері мен импровизаторлық қабілеттерін көрсете отырып, қазақстандық джаз өнерінің келешегінің жарқын екендігін паш ету! ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, «Сәлем, әлем!» ұранымен өткен концерттік бағдарламада Д.Эллингтонның, Ч.Паркердің. М.Дэвистің, Х.Хэнкоктың, Ч.Кореаның, С.Шаменовтың шығармалары, джаздан бастап фольклорға дейінгі музыканың әр түрлі жанрлары орындалды.