Еліне адал қызмет еткен ұстазды еске алып, есімін ұлықтап, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кеште оның өнердегі және қызметтегі әріптестері, шәкірттері сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктерімен бөлісті. Ол ұлағатты ұстаз болумен бірге шын жанашыр жан бола білген адам. Өзі өмірден өтсе де, ұрпақ болашағына, білім мен музыка кеңістігіне қосқан елеулі үлесі ел есінен кетпейді. Аяулы ұстаз Сапиолла Молдағалиұлының шәкірт тәрбиелеуге сіңірген өнегелі еңбегінің мектеп өмірінде алар орны ерекше. Өзінің педагогикалық қызметі үшін Сапиолла Молдағалиұлы Жакеев «Құрмет» орденімен, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Ағарту ісінің үздігі», «КСРО Еңбек ардагері» атақтарымен марапатталған.