Мектебімізде 2015-2017 жылдар аралығында директорлық қызмет атқарған Алтай Қарпықұлы Құсайынов Сәкен Сейфуллин туралы зерттеулер, естеліктер мен мақалалар жайлы шығарылған «Тұғыры биік тұлға» атты кітапты мектеп тәрбиешілеріне сыйға тартты. Бұл кітапқа дауылпаз ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы, жазықсыз жаламен тоталитарлық жүйенің құрбаны болған – Сәкен Сейфуллин туралы, заманымыздың белгілі әдебиетшілерінің, тарихшыларының, қоғам қайраткерлерінің, Сәкенді көрген замандастарының зерттеулері, естеліктері мен мақалаларының таңдамалары жинақталған. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Мұратқызы Батырбекова тәрбиешілерге кітаптарды ұсынып, Сәкен Сейфуллиннің орасан зор еңбегі сіңген ақын-жазушы екенін айтып, осы кітапты оқып, оқушыларға да айтып, Сәкендей аталарының еңбектерін біліп жүрсін деп тапсырма берді.Кітапты құрастырушылар: Рымжан Мәжитқызы Сейфуллина, Қарпық Құсайынов. Егер кітапты оқығыларыңыз келсе, мектеп кітапханасынан алуларыңызға болады.