Бүгінгі отырыста бастауыш сынып мұғалімі, әдіскер Гүлбараш Абжапбарқызы Жакишева және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Айтолқын Нұрбекқызы Рахметолла “Тренинг оқытудың тиімді құралы” атты тренинг өткізді.
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен – әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет. Оқу үрдістерінде тренинг түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалану туралы дәрістер оқылып, мұғалімдер өз ойларын ортаға салды.