Zoom платформасы арқылы Владимир Дё және Алессандра Куффаромен мастер-класс өтті

3 ақпан күні zoom платформасы арқылы Владимир Дё және Алессандра Куффаромен мастер-класс өтті.

Владимир Дё 12 жасында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестріндегі дебютінен бері бұрынғы КСРО, Еуропа, Азия және АҚШ-тың беделді сахналарында өнер көрсетіп келеді.

Алессандра Куффаро- итальяндық скрипкашылардың тарихындағы скрипкаға жазылған ең қиын виртуоздық пьесаларды концерттерде орындап келеді.

Осындай ең мықты скрипкашылармен оқушыларымыз Мухатай Айсұлу (Ұстазы – Ермағамбетқызы Әйгерім), Пана Аққамар (Ұстазы – Шарбат Рахметчина), Кадыржанова Нурканифа (Ұстазы – Сауле Жусупова) шеберлік сағат өткізді.

Сонымен қатар, мастер-классқа көптеген музыканттар да қатысып, тәжірибе алмасты.

Владимир Дё және Алессандра Куффаро әрбір оқушы орындаған шығармаларды мұқият тыңдап, екпінді қалай дұрыс қою керектігін, музыкалық мәнерлеу құралдарын қай жерде қолдану керек екенін айтып, белгілі бір орындау тәсілдерін көрсетті. Бұл мастер-класс көптеген пайдалы ақпараттарға толы болды.