Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 26 сәуір күні есептік гала концерт өткізді.
2 жыл бойы тек онлайн концерттер өткізіп келген мектеп оқушылары мен мұғалімдері жанды дыбыстағы концертті әбден сағынып қалғандары іс-шараға аса үлкен жауапкершілікпен қарап, концертті жоғары деңгейде атап өткеннен көрініс тапты. Бірнеше ай бойы дайындалған еңбектің арқасында мектеп ұжымы мен оқушылары өнер сүйер қауымға көңілді кеш сыйлады. Бұл күн – мектеп тарихында қалуға әбден лайық күндердің бірі.
⠀
Мерейтойымызға келген барлық қонақтарға алғыс білдіреміз! Егеменді еліміздің аспанында ән мен күй қалықтап, тұғырлы елдің тәуелсіздігі баянды болғай!