Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күнсұлу Батырбайқызы Салимова 8 «Ә» сынып оқушыларымен Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы жайлы тәрбие сағатын өткізді.

Оқушылар жазушының өмір жолы жайлы деректер айтып, пікір алмасты. Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 1942 жылы 12 желтоқсанда Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келген. Жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор. Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен. 1961 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп шыққан.