«Домбыра сазы» оқулығының тұсаукесері өтті

«Домбыра сазы» – академик А.Жұбанов, профессор Х.Тастанов сынды көрнекті ғалым-ұстаздардың зерттеулеріне сүйене отырып, авторлардың мол ұстаздық тәжірибесі мен оқу-әдістемелік жұмыстары негізінде жазылған оқулықтың тұсаукесері өтті. Қазақтың күйшілік өнеріне арналған бұл еңбек ұстаздарға, музыкалық мектеп оқушылары мен колледж және жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ домбыра аспабын үйреніп, жанына серік еткен өнер сүйер қауымға арналады. Мектебіміздің қонақтары – Құрманғазы ат. ҚҰК профессорлары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Кәрима Сахарбаева және Біләл Ысқақов.Көптеген жылдар бойы домбырашы мамандарды дайындауда біздің мектептің елге бергені өте зор. Әрбір түлек бұл күнде таптырмайтын майталман қайраткерге айналған. Соны ескере отырып, біздің мектепке арнайы келіп осынау оқулықтарын сыйға тартты. Кітап авторларына баға жетпес сыйлықтарына үлкен алғысымызды білдіреміз!