“Giovani talenti” камералық оркестрінің концерті өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы концерттік залында мектебіміздің симфониялық оркестрі және “Giovani talenti” камералық оркестрінің концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гульмира Буенбаева, дирижері – Мәдениет саласының үздігі Мұса Керімбаев.Концерттің өтуіне қолдау білдірген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаевқа және консерватория ұжымына алғыс білдіреміз!