Бүгін Алмалы ауданы ПБ ЮПБ ЖПҚБ полиция капитаны Қ. Аяғанов пен полиция майоры Т. Абдиев мектебіміздің 6 “А” сынып оқушыларына “Құқық бұзушылық және оның алдын алу” тақырыбында әңгіме жүргізді.
Бұл кездесу оқушылардың құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталды. Болашақта заңға қайшы іс-әрекет жасаған жағдайда не боларын ұғындырып, дұрыс жолмен жүруге шақырды. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Осы мақсатта заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет етуге тәрбиелеп, оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құқықтың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген Алмалы ауданы полиция қызметкерлеріне мектеп әкімшілігі алғыс білдіреді.