22 қараша күні «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен белгілі қазақстандық заңгер Абзал Құспанмен «Азаматтық ұстаным» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
ZOOM платформасы арқылы өткен бұл кездесуде Абзал Құспан Ата заң, Адам құқығы, жалпы заң жөнінде ақпараттармен бөлісті.
Абзал Құспан: «Заңды білетін адам — бұрынғы жаугершілік замандағы мықты жауынгер, батыр адам іспеттес. Себебі, заң — бәріне ортақ. Адам өзінің құқығы мен бостандығы жайлы білуі керек» екенін атап өтті. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау.
Мектеп директоры Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы: «Демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырылып жатқан еліміздің әрбір азаматы өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыру керек. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу» – екенін атап өтті.
Кездесуде сондай-ақ, МСМ кеңесшісі Дуйсенов Мерген Мирзаятович, Мәдениет және спорт министрлігі-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің өкілі Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбаровна да қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңа әдістер енгізу мақсатында осындай іс-шаралардың ұйымдастырылып тұрғанын қолдайтындарын айтты.
Кездесудің негізгі міндеті — мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту, жемқорлыққа жол бермеу, мектеп ұжымының заңдың білімдерін дамыту болды.