Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылына мектепте орындар босауына байланысты, 1,2 – сыныпқа келесі мамандықтар бойынша қабылдауға қосымша конкурстық іріктеу жариялайды:
- арнайы фортепиано;
- ішекті аспаптар (скрипка, альт, виолончель, контрабас);
- үрлемелі және ұрмалы аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон, валторна, труба, тромбон, туба, саксофон және ұрмалы аспаптар);
- халық аспаптары (домбыра, қобыз, баян, домбра-прима, шертер).
Іріктеу конкурсының өткізілетін уақыты:
I кезең – 25 тамыз, сағат – 09:00 – тыңдау;
II кезең – 26 тамыз, сағат – 09:00 – тыңдау және психологиялық тест;
III кезең – 27 тамыз, сағат – 09:00 – тыңдау;
28 тамыз – емтихан қорытындысы шығарылады.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Әуезов к-сі, 66/5
Анықтама телефондары: 8 (727) 375 55 42;
Ардақұлы Алмат – 8 701 838 15 30;
Мухсимова Дина – 8 707 113 08 97.
Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына!!!
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталуы қажет:
- кез келген аурудың белгілері бар, немесе дене қызуы бар үміткер тыңдалымға, емтиханға кіргізілмейді;
- маскасыз тыңдауға кіруге рұқсат етілмейді);
- үміткерді белгіленген кестеге сәйкес конкурстық турға кешіктірмей алып келіп, тыңдау аяқталғаннан кейін бірден алып кету қажет.
I кезең – табиғи музыкалық қабілеттерінің бар болуын тексеру үшін тестілеу (музыкалық есте сақтау, есту, ырғақ, интонация және т. б. тексеру), аспапқа бейімділігі, ойнау аппаратының сәйкес болуы және т. б.
II кезең – балалардың музыкалық дарынды балаларға арналған мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтау үшін тестілеу (Жеке дайындығы –эмоционалдық тұрақтылығы. Интеллектуалдық дайындығы – жалпы дамуы, ой өрісі, сөздік қоры, ауызекі сөйлеу тілі, ұсақ заттармен іс-қимыл жасауды меңгеруі, танымдық процестерінің дамуы (зейін, есте сақтау, ойлау, елестету), ақпаратты талдай білуі, жинақтау, жүйелеу мүмкіндіктері, қорытынды жасауы; Әлеуметтік-психологиялық дайындығы – баланың басқа балалармен қолайлы қарым-қатынас орната білуі, бірлесе жұмыс істей білуі, тыңдай білуі мен қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауы.)
III кезең – музыкалық есте сақтау қабілетін анықтауға арналған тестілеу (тапсырма күрделенеді: 4 және одан да көп тактілі әуен үзінділері орындалады, күрделенген ырғақты тапсырмалар беріледі, ал дайындығы бар балалар үшін аспапта бірнеше шығарма орындау ұсынылады)
Мектеп Ережесіне сәйкес 3 кезеңнен өткен және кезеңдер қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған талапкерлер 1-сыныпқа қабылданады. Қабылдау комиссиясының шешімімен баланы икеміне қарай аспаптарға бөледі. Баланы мамандықтарға бөлу – комиссия құзырында.