Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ ұжымы Президент Жолдауын зор ықыласпен тыңдады. Мемлекет басшысы Қазақстандықтардың әл-ауқатын, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірін жақсартуға , ел өмірінің барлық саласына айқын міндеттер қойды. «Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды.Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз.Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын.Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз.Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ.Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз!Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!» Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.